Ассалаумағалейкум! Гость | RSS Сенбі
20.04.2024, 05:52
Депті ғой...
кіру үлгісі
Бас бет Тіркелу Кіру
Сайт мәзірі
Кіші -чат
 
200
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсБсСсСрЖмСнЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив
Сайт достары
  • Сайт құрау
  • Арнайы блог
  • uCoz туралы
  • системедағы FAQ
  • uCoz үшін инструкция
  • Компанияның барлық жоспарлары
  • Главная » 2014 » Наурыз » 4 » Шығыс Қазақстан тауларынан қар барысы табылды
    09:16
    Шығыс Қазақстан тауларынан қар барысы табылды


    Астана. 4 наурыз. Baq.kz – Қатон-Қарағай табиғат қорығының аумағына орнатылған фото және бейнебақылау камералары мұнда қар барысының әлі де болса бар екенін анықтады. 

    «Snow Leopard Fund» қоғамдық қорының директоры Олег Логиновтың айтуынша, барысты фотокамералар Таулы Алтайдың Чихачев жотасында монғол шекарасы жанында түсіріп алған. Бұл Алтай жабайы табиғатында сирек кездесетін хайуанның тарихтағы алғашқы кадры екен.

    «Фотоқақпандарға түскен әрбір хайуанды денесіндегі жолақтары арқылы ажыратып, онда қаншауы барын анықтауға болады. Қатон Қарағай мемлекеттік үлттық табиғи қорық инспекторлары қақпанмен жұмыс істеудің алғашқы семинарын өткізді. Жақында «Қарлы барыс өмірінің фотокезеңдері» атты байқауға да қатыспақ», - деді О.Логинов.

    Бұған дейін Алтай инспекторлары қар барысын тек олар қалдырған із арқылы анықтап отырған екен. Енді арнайы сатып алынған 22 қондырғы жабайы аңдарды қиындықсыз бақылап отырады. Қор директорының айтуынша, камералар қар барысының санын, олардың жынысы мен жасын анықтай алады.

    Айта кетейік, қар барысы Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық тұқымдас жыртқыш аң. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Қызыл кітапқа енгізілген барыстың саны жүз сексен-екі жүздей ғана. 

    Просмотров: 1382 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]

    Copyright MyCorp © 2024Сайт управляется системой uCoz